🎀 Шашты тез өсіретін маска 🎀
Бұл масканы 1 ай бойы аптасына 1 рет жасау керек. Дұрыс пайдаланған жағдайда шашты 15 см-ге дейін өсіруге мүмкіндік бар.
Масканың жасалуы өте оңай, негізінде қыша (горчица) жатқандықтан, ол бас терісін қыздырып, шаштың түйінінде қан жүгіртеді.
Ол үшін:
2 ас қасық құрғақ қыша ұнтағын (дәмдеуіштер бөлімінде сатылады) ыстық сумен араластырамыз;
2 үлкен қасық ыстық су;
1 жұмыртқаның сарысы;
2 ас қасық зәйтүн майын (немесе кез келген косметикалық май)
2 шай қасық қант (қант көп қосқан сайын, қыша қыздыра түспек)
Осы қоспаны шаштың арасына, бастың терісіне жағыңыз, шаштардың түбіне тигізбеуге тырысыңыз, әсіресе құрғақ түптерге (тиімді әсер ету үшін шаштың құрғақ түптеріне ысытылған косметикалық май жақсаңыз болады). Басыңызды целлофанмен немесе пакетпен орап, үстінен орамал, не жылы бас киім киіп алыңыз.
15 минуттан 1 сағатқа дейін ұстау керек. Бәрі сіздің шыдамдылығыңызға байланысты, егер қызғанға шыдасаңыз, 1 сағатқа дейін ұстауға болады. Ал егер тіптен басыңыз «өртеніп» бара жатса, 15-20 минут ұстаңыз.
Назар аударыңыз! Бірінші рет жаққанда міндетті түрде 15 минут ұстау керек, тіптен шыдамай бара жатсаңыз да. 15 минутта басыңыздың терісіне де, шашыңызға да ештеңе болмайды (көп рет тексерілген), ал кейін үйренген соң жарты сағат, бір сағат отыра алатын боласыз.
Масканы аптасына 1 рет, егер майлы шаш болса көп дегенде 2 рет жасау керек (терінің майлылығын сәл басады).
Масканы жылы сумен жуып, кейін сусабынмен шайыңыз. Жақсы әсер ету үшін кез келген бальзам қолдансаңыз болады немесе шаш өсіруді тездететін дайын бальзамдарды жағыңыз.
Егер шашыңыз тезірек ұзын болсын десеңіз, масканы тым құрығанда 1 ай бойы жасаңыз. Қыша маскасы шашты тез өсіруге ықпал етіп қана қоймай, қатайтып, көлем беріп, қалыңдатады. Сонымен қатар тез майланатын шаштардың мәселесін шешеді, шаш тез кірлемейтін болады. Шаштың құрғақ түбі мен боялған шаштарды міндетті түрде қыздырылған косметикалық маймен майлаңыз немесе арнайы сондай маска сатып алыңыз.
Мұндай масканың әсерінен көптеген таз еркектердің шаштары шығып, қалыңдағаны байқалған. Осы ғажайып масканы сіз де пайдаланып көріңіз.